Жаңалықтарға қайту
23.01.2025
Алтынсарин академиясында ДДСҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» тұжырымдамасы талқылады
Кездесуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен ДДСҰ әзірлеген «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» тұжырымдамасын талдады. Аталған тұжырымдама денсаулық сақтау саласындағы дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, физикалық белсенділікті ынталандыру, суға, санитария және гигиенаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сонымен қатар темекі тартудың алдын алу секілді
міндетті бастамаларды қамтиды. Тұжырымдаманың ерекшелігі – мектептерге денсаулыққа қатысты көрсеткіштерді өздігінен талдап, жақсартуға мүмкіндік беретін өзін-өзі бағалау құралының бар болуы. Сонымен қатар кездесуде оқушылардың жұқпалы аурулардың алдын алуға қатысты білімін арттыру шаралары да сөз болды.
Осы сынды бастамалар халықаралық ұйымдар мен Қазақстанның білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл маңыздылығын және дені сау ұрпақ қалыптастыру рөлін арттыра түседі.