Жүргеновтанушы Сәби Аңсатпен келелі кездесу өтті
Бүгін Алтынсарин академиясында Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәби Аңсатпен маңызды кездесу өтті.

Іс-шараға Алтынсарин академиясы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының қызметкерлері, Астана қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының ұстаздары қатысты. Темірбек Жүргенов – білім мен мәдениетке ұмтылуына серпін берген тұлға, қазақ халқының рухани-мәдени мұрасына айтарлықтай ықпал етіп, ұлттық идеяны іске асыру жолында аянбай еңбек еткен.

Кездесуде Қор төрағасы Сәби Аңсат Т.Жүргеновтің ағартушылық және мемлекеттік қызметтегі қайраткерлік жолы турасында кеңінен баяндады. Астана қаласы «Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің» тарих пәнінің мұғалімі А. Кудабаева Жүргенов мұрасын насихаттаудағы мектептің шығармашылық жұмыстары мен тәжірибелерін таныстырды. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар Т.Жүргенов мұрасын насихаттау және жас ұрпаққа жеткізу жолдарын талқылады.

Алтынсарин академиясының ұжымы осындай бастамалардың оқу-ағарту саласындағы маңыздылығын ерекше атап өтіп, алдағы уақытта да ұлы тұлғаларымыздың мұрасын кеңінен насихаттауды жалғастырады.