Жылдық жұмыс қорытындысы: Білімді тұрақты дамыту жөніндегі Ұлттық комитеттің үшінші отырысы

Алтынсарин академиясында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның тұрақты даму жөніндегі Ұлттық білім комитетінің үшінші отырысы болып өтті. Кеңеске комитет мүшелерімен қатар Нархоз университетінің және CapsUnlock ұйымының өкілдері, сонымен қатар онлайн-форматта басқа да әріптестер қатысты. 

Отырыста Академияның Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және STEM-технологиялар зертханасының басшысы Эльмира Ермолдина Тұрақты даму мақсаттарымен жаңартылған мемлекеттік білім беру стандартын біріктіру туралы баяндама жасады. Сонымен қатар Нархоз университетінің Тұрақты даму институтының директоры Брендан Дюпрей өз жұмысының нәтижелерін таныстырды. Отырыста комитеттің 2024 жылғы жетістіктері талқыланып, стратегиялық бағыттары мен 2025 жылға арналған жоспары нақтыланды. Аталған кеңес жылдың қорытынды отырысы болды.