Қазақстанның инклюзивті білім беру практикасын зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияда таныстырылды
Алтынсарин академиясының Инклюзивті білім беру орталығы қызметкерлері Баку қаласында өткен Халықаралық Еуразиялық ғылыми-зерттеу және инновациялар конференциясында Қазақстан мектептерінде инклюзивті практиканы іске асырудағы кәсіптік құзыреттілікті арттыруға бағытталған зерттеулердің нәтижелерін таныстырды.
Конференция барысында ғалымдар инклюзивті білім беру саласындағы өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ынтымақтастық перспективаларын талқылап, өзара байланыстар орнатып, бірлескен зерттеулер жүргізуге мүдделес екендіктерін танытты.
Аталған ғылыми іс-шараны ISARC орталығы 22-24 қараша күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласындағы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында ұйымдастырып өткізді.
* BR21882231 «Қазақстанның орта білім беру жүйесінде инклюзивтілік пен қолжетімділікті қамтамасыз етудің тұжырымдамалық моделі» ғылыми бағдарламасын іске асыру шеңберінде.