С.Сейфуллин мұрасын жаңғыртуға арналған семинар өтті

27 қарашада Алтынсарин академиясының Орта білім мазмұны институты «Қазақ филологиясы» зертханасының ұйымдастыруымен «Сәкен Сейфуллиннің туғанына – 130 жыл» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Онлайн форматтағы семинардың мақсаты: ақын, жазушы, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын тереңірек зерттеп, оның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу, оқу бағдарламасына енген шығармаларды талқылау.

Семинарды Орта білім мазмұны институтының директоры С. Смаилов ашып, семинардың маңыздылығына тоқталса, «Қазақ филологиясы» зертханасының меңгерушісі А.Ахтанова С.Сейфуллин шығармаларын оқытудың өзектілігін айтты.

Онлайн семинарға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. С.Жәмбек, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры С.Сүйіндікқызы, БҚО С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімі Д.Иманбайқызы, Атырау облысы №19 Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Б.Қыдырова, Астана қаласы Сәкен Сейфуллин музейінің ғылыми қызметкері А.Серікұлы, Жамбыл облысы С.Сейфуллин атындағы орта мектеп мұғалімі А.Нұрланқызы қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Жиында С.Сейфуллин туындыларын мектеп бағдарламасында оқытудың тиімді тәсілдері, архивтегі құжаттары, өзі ашқан мектеп тарихы секілді іргелі мәселелер қамтылды. Спикер А.Нұрланқызы «Ақсақ киік» өлеңін комикс жанрында оқытудың үлгісін көрсетті.

Семинарды Орта білім мазмұны институтының ғылыми қызметкері Б.Ермекұлы тізгіндеді. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге тарта қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі қатысты.