Алтынсарин академиясының қызметкерлері Sürdürülebilirlik ve Inovasyon esepcongress24 («Тұрақты даму және инновациялар») халықаралық конференциясында Қазақстанда оқушыларды үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері туралы баяндаманы таныстырды.
Аталған конференцияға 13 елден келген университеттер, мектептер мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Баяндама тақырыптары білім беру саласындағы зерттеулердің кең ауқымын қамтыды, соның ішінде инклюзивті білім беру, тұрақты даму, гибридті интеллект және оқытудағы неврология. Іс-шараның басты идеясы – білім беру саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру.
Өз сөзінде Академия спикерлері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды үш кезеңдік қолдау моделі туралы айтып, мектепке дейінгі жастан кәсіптік оқытуға дейінгі кезеңдерді қамтитын үздіксіз сүйемелдеу жүйесін әзірлеу жөніндегі жоспарларды таныстырды.
Конференцияға қатысқан Академия өкілдері кәсіби байланыстарын кеңейтуге, құнды пікірлер алуға және инклюзивті білім беру саласындағы одан әрі өзара іс-қимыл бағдарын айқындауға зор мүмкіндік алды.
* AP19577067 «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдау (балабақша – мектеп колледж)» жобасын іске асыру шеңберінде/