Әдіскерлерге арналған екінші республикалық форумы өтті

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Астана қаласының әдістемелік орталығы ұйымдастырумен «Әдістемелік орталықтардың трансформациясы: қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы даму бағыты мен стратегиялық рөлі» тақырыбында әдіскерлердің II республикалық форумы ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау және әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, әдістемелік орталықтар (кабинеттер), білім беру саласының сарапшылары, Қазақстанның барлық өңірлерінен 60-қа жуық педагог-әдіскер қатысты.

Форумның алғашқы пленарлық сессиясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуы туралы негізгі статистикалық деректерді ұсынды. Сондай-ақ елде жекелеген өңірлер бойынша білім беру сапасының көрсеткіштері туралы хабардар етті.

Форумның жалғасында «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров сөз сөйлеп, өңірлерде білім беру сапасын арттыруға бағытталған жекелеген жобалардың іске асыру туралы айтты.
Ол бұл бастамалар халықаралық жергілікті жағдайларға бейімделген және басқа өңірлерде қамту үшін әлеуеті бар табысты қазақстандық әзірлемелер екенін атап өтті.

Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаева да осындай бастамалардың маңыздылығына түсініктеме берді.

Сондай-ақ, форум аясында Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дауешова Астана қаласы Әдістемелік орталығы жүзеге асырып жатқан жаңашыл жобаларды, олардың білім беру саласына әкеліп жатқан оң өзгерістері туралы, озық елдердің білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу барысында енгізілген барлық жаңашыл бағыттарға құндылықтар тұрғысынан саралап, ұлттық мазмұнға лайықтап енгізу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін нақты деректермен дәйектеп көрсетті.

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Руслан Қаратабанов Білім беру стандартына енгізілген өзгерістер, әдістемелік нұсқаулықтар жайлы мәселелерге егжей-текжейлі тоқталды.

Айта кету керек, ІІ республикалық әдіскерлер форуымы 28-30 қараша аралығында өтеді.

Ерғазы Манапұлы

Материал Turkystan.kz сайтынан алынды. 

Сілтемесі: https://turkystan.kz/article/252640-diskerlerge-arnalgan-ekinshi-respublikalyk-forum-bastaldy