qaz
Академия қызметкерлері Алма Әбілқасымовамен кездесті

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында әртүрлі жылдары Академияны басқарып, оның дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалармен кездесулер өткізу жалғасуда.

Бүгін 2011-2013 жылдары Академияға басшылық еткен Алма Әбілқасымовамен кездесу өтті. Жиынға Ғани Бейсембаев және Академия қызметкерлері қатысты.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, п.ғ.д., профессор Алма Әбілқасымова отандық білім мен ғылымның дамуы, заманға сай сапалы білім берудегі оқу мазмұнының маңызы туралы баяндады. Сондай-ақ Академия қызметінің ерекшеліктері туралы естеліктерімен бөлісіп, қазіргі даму перспективаларына қатысты өз пікірін білдірді.

Кездесу аясында А.Әбілқасымованың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап шығарған «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жаңғыруы» атты кітабының тұсауы кесіліп, ғалымдарға таныстырылды.