Жаңалықтарға қайту
27.11.2024
Академия ЖИ арналған шеберлік сабақтарын ұйымдастырды
Алтынсарин академиясы ағымдағы жылдың 25-27 қараша аралығында Астана қаласының №101 орта мектебінде «Жасанды интеллектіні педагогикалық практикаға кіріктіру» тақырыбында шеберлік сабақтар сериясын ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға елордалық «Жайлы мектептердің» 50-ден аса педагогі қатысты. Оқыту бағдарламасы аясында мұғалімдер сабақтарды жоспарлау және тапсырмаларды құруда жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдануды, бағалау критерийлерін әзірлеуді және ЖИ технологияларымен жұмыс істеу этикасын оқып үйренді.
Қатысушылар шеберлік сабақтарының практикалық маңыздылығын ерекше атап өтіп, білім беруді заманауи және тиімді ету үшін алған білімдерін өз қызметінде қолдануға дайын екендіктерін жеткізді.