Жаңалықтарға қайту
11.11.2024
Алтынсарин академиясында ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту мәселесіне арналған маңызды кездесу өтті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың тікелей бастамасымен Алтынсарин академиясында ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту мәселесіне арналған маңызды кездесу өтті.
Жиынға Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев, Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаева, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Есенғазы Иманғалиев және академия ғалымдары қатысты.
Ералы Тоғжанов ауылдық жерлерде сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету – адами капиталды дамытудың негізі әрі маңызды әлеуметтік және экономикалық әсері бар стратегиялық қадам екенін ерекше атады. 2023-2024 оқу жылында Ақтөбе облысында ауыл мектептерін дамытуға бағытталған пилоттық жобаны әрі қарай республика көлемінде енгізу жұмыстарының қадамдары пысықталды.
Жалпы кездесу барысында ауыл мектептерінің қазіргі жайы, кадр тапшылығы, біріктірілген сыныптар мәселесі, ауыл мектептерінің инфрақұрылымы мәселелерін шешу жолдары талқыланды.