Депутат Динара Наумовамен оқушыларды кәсіптік бағдарлау мәселелеріне арналған кездесуде «Maman» ұлттық бағдарламасының жобасы талқыланды. Аталған жобаны Алтынсарин академиясы әзірледі, бағдарлама білім алушылардың болашақ мамандықты таңдауы мен мансап жолын қалыптастыруын қолдауға бағытталған. Ұлттық бағдарлама білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлаудың бірыңғай жүйесін құруды және түлектердің өзін-өзі тиімді кәсіби анықтауы үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды көздейді.
Академия президенті Мадина Тыныбаева кіріспе сөзінде жастар арасында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде депутат Динара Наумова бастаманы қолдап, бағдарламаны іске асыруға ықпалдасуға дайын екенін айтты.
Кездесу нәтижесінде тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіру жұмысын жалғастыруға уағдаласты.