Жаңалықтарға қайту
10.11.2021
Академияда Жауымбай Қараевпен кездесу өтті
Педогогика ғылымдарының докторы, профессор Жауымбай Қараевпен кездесу өтті.
Кездесуде STEM-тәсіл негізінде орта білім жүйесін трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Ғалымдар жаңа заман сұранысына сай орта білім беру ерекшеліктері, бәсекеге қабілетті адам капиталын даярлаудағы STEM-білім беру жүйесінің маңызы мен мазмұны, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы және құзыреттілік парадигмасын іске асырудағы STEM-білім берудің рөлі туралы баяндап, STEM-білім беруді ұйымдастырудағы отандық және шетелдік тәжірибелерді саралады.
Академия ғалымдары тақырыпқа қатысты өз сұрақтарына жауап алып, Қазақстандағы STEM-білім беруді дамытуға қатысты пікірлерімен де бөлісті.