Астана қаласында 23 қазанда «Иммундық патруль» платформасының мазмұнын қазіргі «Биология» пәнінің оқу бағдарламасына біріктіруді қарастыру мақсатында Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Елдік кеңсесі өкілдері мен Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім адемиясының сарапшылары талқылау өткізді.
«Иммундық патруль» – бұл Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің сектораралық жұмысының мысалы. «Иммундық Патруль» – бұл иммунология және білім беру саласындағы сарапшылармен бірлесе отырып, ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы ұсынатын ойын форматындағы тегін, цифрлық оқыту платформасы.
Сонымен қатар кездесуде денсаулық сақтау мен білім беру салалары арасындағы үйлестірілген іс-қимыл шеңберіндегі қоғам денсаулығы мен денсаулық мәселелеріндегі сауаттылықты арттыру маңыздылығы да сөз болды.