Жобалық кеңселермен онлайн-кездесулер өтті

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру жөніндегі Жобалық кеңселермен онлайн-кездесу өтті. Іс-шара қатысушыларына Мақсатты мектептердің жеке портретін әзірлеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жобалық кеңсе мүшелері Мақсатты мектептер бойынша аналитикалық анықтаманы сапалы дайындау, жұмыс істеу жеке жоспарының негізі болатын жеке портреттер негізінде анықталған проблемалық мәселелерді шешуге қатысты жалпы түсіндіру ақпаратымен қамтамассыз етілді. Кездесу барысында тиімді кері байланыс жүзеге асып, ұсыныстар айтылып, үздік тәжірибелер таратылды.