Мақсатты мектептер басшылығына арналған республикалық семинар өтті

Ағымдағы жылдың 25-27 қыркүйегінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өңірлердің мақсатты мектептер басшылығына арналған «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» атты республикалық семинар өткізуге қатысты.

Аталған семинарда Алтынсарин академиясының Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының аға ғылыми қызметкері Әсел Кадирова «Мектепішілік бақылау – білім сапасын басқару құралы» тақырыбында баяндама жасап, әдістемелік кеңес берді. Сонымен қатар Академияның Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығы қазіргі мақсатты мектептердің өзекті мәселелері бойынша, атап айтқанда, ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу, басқару және тиімді кері байланыс беру, мектептің даму стратегиясындағы ата-аналардың рөлі тақырыптары бойынша семинардың кейс материалдарын әзірледі.

Үш күндік оқыту семинарына қатысушылар мектептің даму стратегиялары, оқу процесін ұйымдастыру, мектепті тиімді басқару және мектепішілік бақылау мәселелерін талқылады, үздік мектеп басшыларының табысты тәжірибелерімен танысты.