Жаңалықтарға қайту
09.11.2021
Академия мен «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» ынтымақтастық туралы меморандум жасасты
Академия мен «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Ол білім беру жүйесінде ғылыми-әдіснамалық, ұйымдастыру-әдістемелік іс-шараларды бірлесіп орындауға, ғылыми жобаларды іске асыруға бағытталған әріптестік қатынастарды орнатуға және ұзақ мерзімді тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Меморандум мына бағыттар бойынша ынтымақтастықты көздейді:
- қор мектептерінің білім берудегі инновациялық тәжірибені, ғылыми-зерттеу нәтижелерін анықтауға эксперименттік алаң ретінде қатысуы;
- бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- бірлескен ғылыми-әдістемелік және оқыту семинарларын, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
- бірлескен жобалар мен бағдарламаларды енгізу, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өткізу және т. б.
Меморандумға Академия президенті Ғани Бейсембаев пен «БИЛ» ХҚО президенті Дархан Өте қол қойды.