Бірлескен ғылыми зерттеу туралы келісті
Алтынсарин академиясында ЮНЕСКО-ның Педагогикалық білім беру орталығының өкілдерімен (Шанхай қ., Қытай) және ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросының білім беру бағдарламасы жөніндегі Ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаевамен кездесу өтті.
Кездесуге қатысушылар ғылыми ынтымақтастық бойынша бірлескен жоспарды талқылады. Орталық директоры, профессор Миньсюань Чжан өз ұйымының бағыттары мен функциялары туралы ақпаратпен таныстырып, екі елдің білім беру жүйелерін салыстыруға бағытталған бірлескен ғылыми зерттеу жүргізу туралы бастама ұсынды.