qaz
Педагогтер үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіруді талқылады

Еліміздің әр өңірінен келген 150-ден аса мұғалім мен әдіскерлер бастауыш, негізгі орта білім деңгейлерінің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мазмұнын жетілдіру жөніндегі жұмыс топтарының отырысына қатысты. Жұмыс тобы мүшелері апта ішінде үлгілік оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін қарастырып, күтілетін нәтижелерді талқылап, негізгі мазмұн және оқу мақсаттары жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді.