qaz
Білім беру мазмұнына климаттың өзгеруі мәселелерін енгізу туралы

Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаева ЮНЕСКО-ның өңірлік кеңсесі мен Caps Unlock өкілдерімен кездесіп, білім беру мазмұнына климаттың өзгеруі мәселелерін енгізуді талқылады. 

Кездесуге қатысушылар Қазақстанның «Білім беруді экологияландыру бойынша әріптестік» жаһандық қозғалысына қосылуы, ғылым нәтижесі арқылы климат туралы білім беруді енгізуге қатысты сектораралық ынтымақтастық, стандарттар мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы сарапшыларды тарту мәселелерін талдады. 

«Қазіргі күн тәртібінде білім беру мазмұнына климаттың өзгеруі мәселелерін енгізуде Қазақстанды пилоттық ел ретінде таңдау өте өзекті. Климат туралы білім берудің трансверсальды/пәнаралық дағдыларын, құндылықтары мен білімін қандай пәндерге және қалай кіріктіруге болатындығын қолданыстағы оқу бағдарламаларына талдау жүргізу үшін Жұмыс тобын құру арқылы қол жеткізуге болады», - деп атап өтті Мадина Тыныбаева. 

Кездесу соңында қатысушылар одан әрі өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.