qaz
Тұрақты даму мақсатында білім беру жөніндегі ұлттық комитет отырысы өтті
Бүгін Алтынсарин академиясының президенті төрағалық етуімен Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Тұрақты даму мақсатында білім беру жөніндегі ұлттық комитетінің отырысы болып өтті.

Мәжілісті Тұрақты даму мақсатында білім беру жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы Мадина Тыныбаева алғысөзбен ашып, ағымдағы жылдың 5-7 маусымында Бангкокта өткен ЮНЕСКО-ның Бейбітшілік пен тұрақты даму үшін білім беру жөніндегі комиссия ұсынымдарын Азия-Тынық мұхит аймағына енгізу жөніндегі келелі кеңестің негізгі мәселелері мен қорытындысына шолу жасап, баяндап айтты.

Сонымен қатар осы отырыста ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаева тұрақты даму компонентін білім беру мазмұнына кіріктіру туралы баяндама жасады.

Аталған кездесу аясында Тұрақты даму мақсатында білім беру жөніндегі ұлттық комитеттің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Комитеттің келесі отырысын өткізу ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланды.