Жаңалықтарға қайту
08.11.2021
Жапониядағы Цукуба университетінің оқытушысы Қуаныш Тастанбековамен кездесу өтті
Жапониядағы Цукуба университеті Адамтану институты Салыстырмалы педагогика және халықаралық білім кафедрасының меңгерушісі, доцент Қуаныш Тастанбековамен кездесу өтті.
Қазақстан тумасы Қуаныш Тастанбекова Жапонияның білім беру жүйесі мен оның ерекшеліктері, білім саясатының негізгі қағидалары, Жапонияның білім жүйесінің өзекті проблемалары және мұғалімдердің әлеуметтік дәрежесінің мәселелері туралы баяндап берді.
Айтуынша, Жапонияның білім жүйесінің ерекшеліктері:
- Мектепте берілетін білім – негізгі білім. Үйден оқу, сырттай оқу, экстернат жоқ.
- Мектепке дейінгі білім және мектептен тыс қосымша білім тек ақылы түрде беріледі;
- Мектептегі білім жасқа қарай беріледі. 6 жастан 15 жасқа дейінгі негізгі орта білім міндетті;
- Мектеп басқару жүйесінің қаражаттық білім дербестігі жоғары. Бірақ кадрлық дербестігі жоқ;
- Мектептердің жергілікті қоғаммен байланысы өте тығыз.
Кездесу соңында Академия қызметкерлері көкейдегі сұрақтарына жауап алып, қазақстандық және жапондық білім жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылады.