qaz
Қазақстан тәжірибесі: Мичиган университетінің делегациясы Алтынсарин академиясында

Бүгін профессор, доктор Брендан Кантвел мен профессор Рияд Шахжахан бастаған Мичиган университетінің студенттері Алтынсарин академиясы қызметімен танысу және тәжірибе алмасу мақсатымен аталған ұйымға келді. 

Michigan State University – АҚШ-тағы ірі ғылыми оқу орындарының бірі, химия, медицина, физика, астрономия саласында ғылыми жаңалықтар және белсенді ғылыми қызметімен танымал университет. Осы университетте әлемнің 115 елінен студенттер білім алуда, ЖОО халықаралық оқу орны болып саналады. 

«Педагогикалық білім беру, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар жүргізу» атты дөңгелек үстел барысында Академия президенті Мадина Тыныбаева өз сөзінде: «Бүгінгі таңда Академияның білім беру саласында 100 жылдық тарихы бар. Академия өз әзірлемелері және ғылыми зерттеулерімен бөлісуге дайын» деді. 

Кездесу аясында шетелдік делегация жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер зертханасы және STEM-технология, кәсіптік бағдарлау және адами капиталды  дамыту орталығы, сонымен қатар үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының жұмысымен танысты. «Бізге Қазақстанның білім беру саласындағы әртүрлі мәселелерді шешу тәжірибесі – білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, ауыл мектептеріндегі білім беру процесінің ерекшеліктері, әсіресе мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмысы қызықтырады», – деп атап өтті профессор Брендан. 

Естеріңізде салар болсақ, ағымдағы жылы Академия еліміздің барлық өңірінде кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты кураторларды белгілеген еді. Мектептердегі кәсіптік бағдар беру жұмысының жай-күйіне жалпыреспубликалық мониторинг жүргізілуде, соның негізінде кәсіптік бағдарлау жұмысының ұлттық моделін әзірлеу жоспарланды. 

Аталған кездесу 2024 жылғы 18 наурызда қол қойылған Ғылыми-білім беру ынтымақтастығы туралы меморандум аясында өтті. Бұған дейін Академия аталған университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп конференция өткізіп, жарияланымдар жинағын шығарған болатын. Жинақ Академия сайтында қолжетімді - https://uba.edu.kz/storage/app/media/FORUM%201%202023.pdf