Жаңалықтарға қайту
23.05.2024
Алтынсарин академиясы қызметкерлері «Инклюзивті ортада білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы» тақырыбында вебинар өткізді
Алтынсарин академиясының Инклюзивті білім беру орталығы еліміздің білім басқармалары мен бөлімдерінің, әдістемелік орталықтардың өкілдерінің қатысуымен «Инклюзивті ортада білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы» тақырыбында вебинар өткізді.
Онлайн кездесу барысында Инклюзивті білім беру орталығының директоры Светлана Исмагулова еліміздің білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдарлау жұмысының ағымдағы жағдайына, инклюзивті ортада білім алушыларды кәсіби бағдарлау мәселелері
бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелеріне тоқталды.
Вебинардың жұмысы педагогтердің кәсіби бағдарлау бойынша құзыреттіліктерін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған, бұл білім алушыларды кәсіпті саналы түрде таңдауға дайындау үшін өте маңызды.
*Аталған шара АР14871693 «Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» (2022-2024 жж.) гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде өтті.