«Инклюзивті және арнайы білім беру аспектілері: сабақтастық пен мүмкіндіктер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысында Алтынсарин академиясы Инклюзивті білім беру орталығының директоры Светлана Исмагулова «Білім беру ұйымдарында инклюзивті саясатты іске асыру» тақырыбында баяндама жасады. Аталған конференция елордада 15-17 мамыр аралығында Астана қаласы Әдістемелік орталығының және Астана қаласының әкімшілігінің Білім басқармасымен ұйымдастыруымен өтіп жатыр.
Конференция мақсаты – өзекті мәселелерді талқылау және республика аймақтарында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін шешу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты нығайту, жаңа идеялар мен жобаларды дамыту. Іс-шараға білім басқармалары мамандары мен әдістемелік орталықтар әдіскерлері, барлық білім беру деңгейлері ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.
Үш күнге созылған конференция жұмысы барысында еліміздің педагогтері мен мамандары ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту сапасын арттыру және әлеуметтік бейімдеу мақсатында заманауи тиімді білім беру технологияларын пайдалану бойынша тәжірибелерімен алмасатын болады.