Алтынсарин академиясының Инклюзивті білім беру орталығы қызметкерлерінің бастамасымен инклюзивті білім беру саласындағы зерттеуші, Монаш университеті Білім беру факультеті деканының теңдік және инклюзивтілік жөніндегі орынбасары, PhD У.Шармамен (Мельбурн, Австралия) кездесу болып өтті. Профессор Умеш Шарма инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің тиімділігін өлшеуге арналған TEIP шкаласын ойлап тапқан. Академия орталығының қызметкерлері аталған шкаланы жергілікті контекске бейімдеп, еліміздің білім беру ұйымдары педагогтерінің инклюзивті құзыреттілігін бағалауда қолданды.
Кездесу барысында профессор Шарма Орталық қызметкерлері назарына TEIP шкаласын пайдалану бойынша ұсынымдар беріп, алынған деректерді өңдеу әдістері туралы жұмысты таныстырды. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады.
*іс-шара ҚР ЖБҒМ BR21882231 «Қазақстанның орта білім беру жүйесінде инклюзивтілік пен қолжетімділікті қамтамасыз етудің тұжырымдамалық моделі» (2023-2025 жж.) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру міндеттерін іске асыру шеңберінде өткізілді.