Ең көп оқылған үздік бес мақала

Алтынсарин академиясының «Білім» ғылыми-педагогикалық журналы тоқсан сайын шығады, журнал жарияланымдары отандық дәйексөздер қорында және Index Copernicus базасында индекстеледі. Журнал мақсаты қазіргі отандық және шетелдік ғылым жетістіктерімен алмасу, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің теориялық және практикалық нәтижелерімен құзыретті мамандар мен жұртшылықты хабардар ету болып табылады. Басылымның негізгі тақырыптық бағыты – орта білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін жариялау. 

Сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қаралым статистикасы бойынша үздік 5 мақаланы ұсынамыз: 

1) ТАРИХ САБАҒЫНДА «LESSON STUDY» ӘДІСІН ҚОЛДАНУ (авторлары: Асылхан Рахым, Бауыржан Абдрахманов) 

2) ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ (авторы: Асқарбек Құсайынов) 

3) БІЛІМ САЛАСЫНДА ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУҒА СЫНИ КӨЗҚАРАС (авторлары: Әлия Исаханова, Айгүл Садвақасова) 

4) ЭФФЕКТИВНОЕ ПЛАНИРОВАНИЕ УРОКА КАК ОСНОВА КАЧЕСТВЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ: ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ И РЕКОМЕНДАЦИИ (авторлары: Айзат Арыстанбек, Сая Жагпарова) 

5) БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ (авторы: Анар Тәңірбергенова) 

Аталған мақалалармен және мақалаға қойылатын талаптармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://bilim-uba.kz/index.php/science