Алтынсарин академиясы Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту орталығы Павлодар облысының білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен» бірлесіп, «Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда цифрлық технологиялар мен ресурстарды тиімді пайдалану» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді. Семинарға облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тірек және шағын жинақты мектеп директорлары, орынбасарлары мен педагогтер, жалпы саны 250-ге жуық тыңдаушы қатысты.
Семинардың мақсаты – ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептерде қашықтан оқыту форматын ұйымдастыруда педагогтердің жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерді қолдануда іс-тәжірибелермен бөлісу.
Аталған іс-шараны Павлодар облысы № 1 Чернорецк жалпы орта білім беретін мектептің «Математика» пәні мұғалімі, 28 жылдық еңбек өтілі бар, ауыл мектебінің «педагог-шебері» Владимир Середкин жүргізіп, «Joyteka» – білім беру платформасы, Canva – графикалық дизайн үшін онлайн-платформасы және Lumio – онлайн білім беру платформаларын сабақта тиімді қолдану бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, педагогтерге цифрлы форматта жұмыс жасау бойынша әдістемелік кеңес берді.