Жаңалықтарға қайту
19.04.2024
Алтынсарин академиясында Тіл саясаты комитетінің өкілдерімен кездесу өтті
Кездесуге Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті басқармасының басшысы Әлия Чокушева және Алтынсарин академиясының қызметкерлері қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» жобасы бірнеше талқылаудан өткен, ол талдауларға Академияның «Қазақ филологиясы»
зертханасының қызметкерлері де қатысып, ойларын ортаға салған болатын», - деді Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаева.
Еліміздің педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Орта білім мазмұны институтының мамандары қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту, білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтар әзірлеп келеді. Аталған әзірлемелер Алтынсарин академиясының ресми сайтында орналастырылған.