Нұр-Сұлтан қаласындағы №14 мектеп-гимназия базасында «Білім мен ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру аясында «К.Н.Булатбаеваның «Тілдік емес пәндер бойынша (биология материалы негізінде) екітілді оқытудың когнитивтік-коммуникативтік технологиясы» авторлық технологиясы бойынша оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинар Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің биология пәні мұғалімдеріне арналған.
Семинарды ұйымдастырушылар – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы №14 мектеп-гимназиясы. Семинарды үйлестірушілер – п.ғ.д, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның бас ғылыми қызметкері, «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ғылыми-технологиялық бағдарламасының ғылыми жетекшісі К.Н. Булатбаева және «№14 мектеп-гимназия» КММ директоры О.А.Надеин.
Семинар аясында 4 қараша күні К.Н. Булатбаева «ККОТ жүзеге асыру механизмі» бірінші теориялық деңгейін өткізді, одан соң мұғалімдер ККОТ бойынша семинардың практикалық бөліміне кірісті.
5 қарашада №14 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі және биология пәні мұғалімі Тілектес Қалықова «Ағылшын тіліндегі Биология» екі тілде оқытудың жүйелі міндеттерін әзірлеу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Семинар соңында жобалар қорғалды, сондай-ақ іс-шара қорытындысы шығарылып, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.