Вебинардың мақсаты – еліміздің мектептерінде инклюзивті білім берудің негізгі аспектілерін қалыптастырудың ғылыми негіздері мен практикалық тәсілдерін іске асыруда білім басқармалары мен бөлімдерінің, әдістемелік орталықтардың әдіскерлеріне әдістемелік көмек көрсету.
Онлайн кездесу барысында Инклюзивті білім беру орталығының директоры С.К. Исмагулова инклюзивті білім берудің негізгі үш аспектісі: инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті практиканы дамыту, инклюзивті мәдениетті құру мәселелері бойынша баяндама жасады, практикада орын алған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріп, Орталықпен әзірленген әдістемелік ұсынымдар жөнінде ақпарат берді. Вебинар жұмысы әрбір балаға сапалы білімге қолжетімділік құқығын қамтамасыз етуде әдіскерлер мен педагогтердің инклюзивті құзыреттерін дамытуда практикалық көмек көрсетуге бағытталған.
Вебинар бейнежазбасымен Академияның ресми Youtube – BILIM4.0 каналы немесе сілтеме https://youtu.be/B1ziTNdQPTo арқылы таныса аласыздар