Алтынсарин академиясы Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №388 бұйрығымен бекітілген «Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерінде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу» пилоттық жобасы аясында жүргізіліп жатқан сабақтарға қатысуда.
Жоба аясында әдістемелік топ ретінде қалыптасқан 40 мектептің (тірек мектебі мен магнитті мектеп) педагогтері бірлесе сабақтың қысқа мерзімді жоспарын әзірлеп, сабақтардың мазмұнды, түсінікті және оқу бағдарламасының мақсаттарын орындауда білім алушылардың алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу мақсатында жұмыстар жүргізуде.
Қашықтан оқыту форматында жүргізілетін сабақтар қызықты әрі мазмұнды болуы үшін сапалы контентпен қатар білім алушылармен белсенді қарым-қатынас орнату және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша кеңестер берілуде.
Академия тарапынан қашықтан оқытатын педагогтер үшін оқу-әдістемелік қолдау мен ғылыми-әдістемелік көмек көрсетілуде.