Алтынсарин академиясының қолдауымен және Астана қаласы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ы. Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «Мектептегі музыка сабағында жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдану үрдісі» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинар мақсаты – білім алушыларды кешенді дамытудағы өзекті мәселелерді шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға педагогтер әлеуетін бағыттау, озық инновациялық тәжірибені таратуға ықпал ету.
Академияның Жалпы даму пәндері зертханасының ғылыми қызметкері Жұлдыз Смагулова орта білім беру жүйесіндегі музыканы оқытудың технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдану үрдісі туралы сөз сөйледі. Сонымен қатар музыкалық білім беру педагогтері баяндама жасап, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, музыка сабағында цифрлық құзыреттіліктерді дамыту жолдарын да ұсынды.
Республикалық ғылыми-практикалық семинарға өңірлердің «Музыка» пәнінің 50-ден астам спикері мен 140 педагог қатысты.