11 сәуірде, Ғылым күні қарсаңында Алтынсарин академиясының Педагогикалық квалиметрия орталығының ғылыми қызметкерлері «9 және 11-сыныптар білім алушыларын қорытынды аттестациялауды ұйымдастыру мен өткізу процесін зерттеу нәтижелері» атты воркшоп-презентациясын өткізді. Іс-шараға педагогтер, мектеп басшылары және өңірлердің әдістемелік орталықтар мамандары қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – жалпы білім беретін мектептерде қорытынды аттестаттауды іске асырудың тиімділігіне әсер ететін факторларды ұсыну. Онлайн-кездесу барысында қорытынды емтиханның негізгі кезеңдері, әдіснамасы, әдебиеттерге шолу, ЭЫДҰ және ТМД елдерінің халықаралық тәжірибесін талдау, сонымен қатар аталған емтиханды өткізудің ағымдағы рәсімін жетілдіру жөніндегі үрдістер мен ұсыныстарды қамтыған зерттеу нәтижелері таныстырылды.