qaz
Алтынсарин академиясы «Тірек мектептердің жағдайы мен оны жақсарту жолдары» атты тақырыпта республикалық семинар өткізді

Алтынсарин академиясы Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту орталығы 9-11-сәуір аралығында «Тірек мектептердің жағдайы мен оны жақсарту жолдары» атты тақырыпта республикалық семинар-кеңес өткізді. Семинардың мақсаты – өңірдегі тірек мектептердің жұмысымен танысу және тірек мектеп директорларының үздік іс-тәжірибелерімен бөлісу. 

Семинарға облыстық білім басқармалары және аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, тірек және шағын жинақты мектептердің директорлары, орынбасарлары мен педагогтер, жалпы саны 1000-ға жуық адам қатысты. 

Үш күндік семинарда тірек мектептердің жұмысын жетілдіру жолдары, шағын жинақты мектеп білім алушыларын әлеуметтендіру және сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 196 тірек мектебі бар, оларға 655 шағын жинақты мектеп тіркелген. Шағын жинақты мектептердің 5930 білім алушысы тірек мектептеріндегі  қысқа мерзімді сессиялық сабақтарға қатысады.