qaz
Академияда әлемдік тәжірибедегі білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы тақырыбында воркшоп-презентациясы өтті

Алтынсарин академиясының Инклюзивті білім беру орталығы «Orken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-мен бірлесіп «Әлемдік тәжірибедегі білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы: кейстерді талқылау, рефлексия, тұжырымдар» атты воркшоп-презентациясын өткізді. 

Онлайн кездесу барысында Академия қызметкерлері өңір мектептерінің әдіскерлері мен педагогтерін білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік бағдар беру жұмысының әлемдік тәжірибесімен және кәсіптік бағдарлаудың жүйелі инновациялық моделі жобасымен таныстырды. Кездесудің басты мақсаты – педагогтердің кәсіптік бағдарлау бойынша құзыреттіліктерін дамытуға, білім алушыларды кәсіпті саналы түрде таңдауға дайындауға көмектесу болып табылады. 

Аталған іс-шара Ғылым күні қарсаңында АР14871693 «Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» (2022-2024 жж.) гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде өтті.