qaz
Академияда Ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Ғылым күні қарсаңында академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Білім мазмұнындағы STEM/STEAM тәсілін жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға қатысушылар STEAM/STEAM тәсілін іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады, білім беру мазмұнында аталған тәсілдерді қолданудың негізгі трендтері туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Талқылауға Академия ғалымдары, «Өрлеу» АҚ, республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Foundation» қоры, Астана қаласының «STEAM.KZ» және РФММ өкілдері қатысты.