qaz
«Көркем еңбек» пәнінде білім беруді дамытудың заманауи тенденциялары» атты Республикалық ғылыми-практикалық семинар туралы
«Көркем еңбек» пәнінде білім беруді дамытудың заманауи тенденциялары» атты Республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Аталған семинардың мақсаты – педагогтер әлеуетін көтеру, білім алушыларды кешенді дамытудың өзекті мәселелерін қарастыру, білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын талқылау және іс-тәжірибелермен бөлісу болды. 

Семинарда сөз сөйлеген Ы.Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Каратабанов «Көркем еңбек» пәнінің ұлттық мирас пен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін пән екеніне тоқталып, пәнді оқытуда ұлттық құндылықтарды оқу мақсатымен үйлестіру жолдарын талдап түсіндірді. Ал Академияның Орта білім институты Жалпы дамыту пәндер зертханасының жетекшісі Фарида Нугманова «Көркем еңбек» пәнінің ерекшеліктері және заман сұранысына сәйкес оқыту әдістемесі туралы баяндады. Сонымен қатар семинар спикерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекті игіліктерін пайдалану жолдарын ұсынды.

Республикалық семинар жұмысына өңірлердің «Көркем еңбек» және «Графика және жобалау» пәндерінің мұғалімдері, барлығы 1000-нан аса педагог қатысты.