qaz
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды мониторингілеу

2021 жылдың 20-24 қыркүйегі аралығында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлерімен Ақмола облысы және Шымкент қаласының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды мониторингілеу бойынша зерттеу жұмысы жалғасын тапты.

Зерттеу барысында педагогтердің инклюзия принциптері жөнінде хабардарлығы, білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жағдайы, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке білім беруді ұйымдастыру бойынша құжаттар, жеке білім беру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу тәжірибесі, ата-аналардың инклюзивті білім беру жағдайына қанағаттануы секілді мәселелер зерделенді.

Зерттеу нәтижелері негізінде орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылады, сонымен қатар қолдаудың моделі әзірленеді деп жоспарлануда.

Зерттеу жоспарына сәйкес мониторингілеу алдағы аптадан бастап басқа өңірлерде жалғасын табады.