qaz
700 аса мұғалім мен әдіскер Республикалық ғылыми-практикалық вебинарға қатысты

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2024 жылғы 14 ақпанда «Жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша практикаға бағытталған оқыту әдістері мен тәсілдері» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық вебинар өткізді. Вебинар мақсаты – оқытудың белсенді және тәжірибеге бағдарланған әдістерін, математикалық және жаратылыстанудың ғылыми сауаттылығын дамыту жолдарын талқылау, сондай-ақ тәжірибе алмасу.

Аталған іс-шараға ZOOM платформасы арқылы республика өңірлерінен 700-ден аса мұғалім мен әдіскер қатысты. Вебинар барысында Академия ғалымдары және «Үздіктен үйрен» конкурсының қатысушылары баяндама жасады. Сонымен қатар спикерлер PISA зерттеулерінің тапсырмалары мысалында функционалды сауаттылықты дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шарада математика, химия, физика, география мен биология пәні мүғалімдері үздік іс-тәжірибелерді пайдалану туралы баяндама оқыды және оқу мақсаттарына негізделген нақты тапсырмалар арқылы қажетті материалдарды ұсынды.

Келесі сілтемеде вебинар жазбасы қолжетімді: https://youtu.be/6nLbT6DMWJc