Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Сапалы білім – сапалы адами капитал» бірлескен кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Аталған кеңес шеңберінде көрме жұмысы ұйымдастырылып, Академия президенті Мадина Тыныбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа білім беру мазмұны және оқу-тәрбие процесі бойынша әдістемелік әзірлемелерді таныстырды.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз баяндамасында Академияның Республикалық «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын жүзеге асыруға қосқан үлесін баса атап өтті.
Алқа отырысының қорытынды бөлімінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова МЖМБС және білім беру бағдарламаларымен белсенді жұмыс жасауды, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мазмұнына ерекше назар аударуды, сондай-ақ еліміздің педагогикалық колледждерімен бірлескен жұмысты күшейтуді тапсырды.