Жаңалықтарға қайту
12.02.2024
Академия мен тарих институты арасындағы ынтымақтастық туралы
Алтынсарин академиясында ҒжЖБ министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитовпен жұмыс кездесуі өтті.
Өздеріңіз білетіндей, қазір таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің ғалымдары тарихтан «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» 7 томдық ауқымды академиялық еңбек әзірлеп жатыр. Жақсылық Сәбитов осы еңбек авторларының бірі болып табылады.
Кездесуге қатысушылар ғалымдар жүргізген жұмыстың ауқымдылығын ескере отырып, Академия мен тарих институты арасында одан әрі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.