Жаңалықтарға қайту
07.02.2024
Білім беру бағдарламалары сабақтастығын талқылады
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА және «Talap» ҚЕАҚ білім беру бағдарламаларының сабақтастығын сақтау мәселесін талқылады. Бүгін Оқу-ағарту министрлігіне бағынысты екі ұйымның басшысы кездесіп, ТжКББ-да білім алуды табысты жалғастыру үшін оқушыларға қажетті құзыреттерді қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Күн тәртібінде – функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, МЖМБС оқу бағдарламаларының жүйелілігі мен сабақтастығына, сонымен қатар кәсіпті таңдау процесін және оқушылардың колледждерге бейімделуін жеңілдететін кәсіптік бағдарлау әдістерін қолдануға бағытталған оқу бағдарламаларының мазмұнын интеграциялау.
Тараптар тәжірибе алмасу мақсатында бірқатар кездесулер өткізуге уағдаласты.