ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы бойынша «Виртуалды шындықтың оқу ортасында бірлескен оқытудың мектеп оқушыларының білім беру нәтижелеріне әсері» АР14870741 жобасын іске асыру шеңберінде Алтынсарин академиясының Білім беруді цифрландыру зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Манаргүл Мұқашева 2024 жылғы 23-26 қаңтар күндері Орландо қаласында өткен «Білім беру технологияларының болашағы» атты 44-ші ұлттық конференция жұмысына қатысты.
Конференцияға Microsoft, Google, Lenovo, Apple, Aventis, SVS және басқа да жетекші IT компаниялар қолдау білдірді және олар конференция көрмесіне білім берудегі IT жобаларын ұсынды. Конференцияның негізгі бағыты келесі мәселелерді қамтыды: мансап және техникалық білім, жаңа технологиялар (AI, AR, VR, XR, MR, 3D – printing, Metaverse), программалау және робототехника, киберспорт, киберқауіпсіздік, ғылым, әлеуметтік зерттеулер, көмекші технологиялар, интеграцияланған оқу бағдарламасы, кәсіби IT дамыту, ағылшын тілі, көшбасшылық, математика, әлем тілдері.
Конференция қорытындысы бойынша білім берудегі цифрлық технологиялар саласындағы 10 өзекті тенденция анықталды. Олардың арасында алғашқы орындарда жасанды интеллект пен VR/AR технологиясы орналасқан.