Жаңалықтарға қайту
02.02.2024
Ағылшын және орыс тілдері сабақтарында білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту
Алтынсарин академиясының Тілдерді оқыту мазмұны мен әдістері зертханасының қызметкерлері «Ағылшын және орыс тілдері сабақтарында білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
Семинарға қатысушылар оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, сыни ойлауды дамыту және білім беру процесінде графикалық құралдарды қолдану мәселелерін талқылады. Сонымен қатар ұсынылған стратегияларды белсенді талдап, қарастырған аспектілерді өз тәжірибелерінде іске асыру үшін іс-қимыл жоспарларын әзірледі.