Жаңалықтарға қайту
01.02.2024
«Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек» атты республикалық мектеп директорлары форумы өтті
Бүгін Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаева Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған «Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек» атауымен республикалық мемлекеттік мектептер директорларының форумында «Әрбір мектеп – үздік мектеп» тақырыбында баяндама жасады. Академия президенті «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы жобасының негізгі аспектілерін талдап сөз сөйледі.
Іс-шараға Абай, Ұлытау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мектептерінің директорлары қатысты. Форумның басты мақсаты озық басқару тәжірибесін тарату және алдағы кезеңдегі проблемалық бағыттар мен міндеттерді айқындау болды.