qaz
Орта білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Алтынсарин академиясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, п.ғ.д., академик Асқарбек Құсайынов «Орта білім беру сапасын арттырудың ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбында семинар өткізді. 

Аталған іс-шараға Алтынсарин академиясының ұжымы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы мен А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының мамандары қатысты. 

Жиын соңында қатысушылар орта білім саласын дамыту мәселелері туралы өзара пікір алмасты.