Жаңалықтарға қайту
29.01.2024
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық семинар туралы
Алтынсарин академиясының Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру зертханасының қызметкерлері 1-2-сыныптардың «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» және «Орыс тілі» (оқытуы қазақ тілінде) пәндері бойынша І жартыжылдық қорытындысын талқылауға арналған республикалық семинар өткізді.
Аталған іс-шарада 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері» және 2-сыныпта «Орыс тілі» (оқытуы қазақ тілінде) пәндерін оқыту бойынша ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар семинардың практикалық бөлімінде Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының тәжірибелі педагогтері тақырып аясында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.