qaz
Емтихан өткізу тәртібін түсіндірді

Алтынсарин академиясы Орта білім мазмұны институтының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Гүлдариға Кенжебаева тіл және әдебиет пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5-8 және 10-сыныптарда емтихан өткізу тәртібін түсіндіру бойынша онлайн семинар өткізді. 

Спикер педагогтер қауымдастығына емтихан өткізу талаптары мен рубрика дайындау, тапсырмалар мен мазмұнын құрастыру, ұйымдастыру мәселелері мен бағалау критерийлерін жан-жақты талдап түсіндіріп, емтихан өткізу бойынша нұсқаулық  берді. 

Онлайн семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері емтихан өткізуге қатысты сұрақ-сауалдарына нақты жауап алды.