qaz
Комитет төрағасы Академия жұмысымен танысты

Бүгін Алтынсарин академиясына ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев орта білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерімен танысу мақсатымен келді. Кездесу барысында Комитет төрағасы STEM технологиялық зертханасы, фото-видео студия, инклюзивті білім беру орталығы және кітапхана жұмысымен танысты. 

Академия ғалымдары оннан аса бағыттағы ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынып, оларды өндіріске енгізу мәселелерін талқылады.