qaz
Академия педагогикалық білім беруді дамыту тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Үздіксіз кәсіби білім беру институты «Республикада педагогикалық білім беруді дамыту жолдары» атты онлайн дөңгелек үстел өткізді.     

Аталған іс-шараға педагогикалық ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы, әдіскерлер мен ғалымдар, білім беру саласындағы мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.  

Онлайн іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының басқарма төрағасы, п.ғ.д. А. Құсайынов, Семей қ. Шәкәрім атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры, ф.-м.ғ.к. О. Жолымбаев, «Өрлеу» БАҰО» АҚ департамент директоры М. Умиралиева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры, х.ғ.к. Н. Нұрмұханбетова және Алтынсарин академиясының орталық директоры, п.ғ.к. А. Тәңірбергенова баяндама жасады. Спикерлер білім сапасын арттыру, болашақ мұғалімдерді даярлау, педагогтер біліктілігін арттыру, мектептер мен ЖОО-лар ынтымақтастығы, ұрпақ тәрбиесі мәселелерін талдап түсіндірді. 

Іс-шара қорытындысы бойынша ұсынылған пікірлер мен идеяларды одан әрі тарату және талқылау туралы уағдаласты.